Облыстық эпидемиологиялық қордан тұмауға қарсы вакцина сатып алу мақсатына 2 млн. теңге бөлініп, оның 2800 дозасы сатып алынды. Тұрғындарға жаппай вакцина егу шарасы аса қатерлі топқа жатқызылатын жабық мекемелерден, дәлірек айтсақ, жұқпалы аурулар ауруханасы, жетімдер мен балалар үйі, вирусологиялық зертханалардан басталады. Сондай-ақ, соғыс ардагерлері мен мүгедектердің кейбір бөлігі вакцина салу шарасынан тегін өтуге тиіс.
Сонымен бірге, облыста тұрғындардың ақылы вакцина екпесіне арналған 14 бөлімше жұмыс істейді. Екпе құны 1200 теңге . Эпидемиолоиялық бөлімнің бас маманының міндетін атқарушы Қаламқас Баймұқанованың айтуына қарағанда, вакцина сапасы талапқа толық сәйкеседі. Оның айтуынша, аталмыш ауруға артықша бейім келетін балалар мен қарттарға мамандар өз денсаулығының қамын ерте бастан күйттеуге шақыруда.