Қарағандыда тұңғыш еврей мектебі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда тұңғыш еврей мектебі ашылды

Қарағандыда тұңғыш еврей мектебі ашылды

Қарағандыда тұңғыш еврей мектебі ашылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2003
  • 492
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін еврейлердің «Ор-Авнер» білім беру кешені екі жыл бойы еврей мәдени орталығының жанындағы бастауыш мектеп ретінде жұмыс істеп келген болатын. Ал 1-қыркүйектен бастап ол мемлекеттік үлгідегі орта білім бергендігі туралы аттестат табыс ету құқығына лицензия жүзінде ие болу арқылы толыққанды орта мектепке айналып отыр.

Жалпы білім беру бағдарламасымен қатар бұл мектепте еврей халқының тарихы мен мәдениеті оқытылатын болады. Әсіресе иврит қарпін оқытуға баса назар аударылмақ. Ұлттың ана тілін Израильден арнайы келген мұғалімдер үйретпек.
Бүгін аталмыш білім ошағында алғашқы қоңырау соғылды. Онда 1-11 сынып аралығындағы 51 оқушы партаға отырды.

Соңғы жаңалықтар