Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті

Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті

Қарағандыда түнгі клубта қыздар төбелесті.

  • 26 Қараша 2021
  • 11
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Polisia.kz сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласының Полиция басқармасының Орталық полиция бөліміне түнгі сағат 01.30-да клубтардың бірінде клиенттер арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама түскен. Бірер минуттан кейін оқиға орнына Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің қызметкерлері жеткен. Мән-жайды анықтай келе, 20 жастағы бойжеткен мен әйелдің арасында жанжал туындап, бойжеткеннің жарақат алғаны белгілі болды.

«Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті Жезқазған қаласының 25 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», — делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар