Қарағандыда тұрғын-үйде газдың кемуі салдарынан 47 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді
Қарағандыда тұрғын-үйде газдың кемуі салдарынан 47 адам қауіпсіз аймаққа көшірілді, деп хабарлады Қарағанды облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінен. |
Төтенше жағдай Гоголь көшесінің бойында орналасқан №48 үйде орын алды. Газдың иісінен секем алған тұрғындар құтқарушыларды шақырған.
«Оқиға орнында анықталғандай, үйдің бірінші қабатында жөндеу жұмыстарын атқару барысында газ құбыры зақымданған, соның салдарынан газ кеміген. Оқиға орнына қаланың барлық жедел қызметтері тартылды. Апатты-құтқару жұмыстарын атқару барысында құтқарушылар бірнеше минуттың ішінде апатты үйдің кіреберісінен, сондай-ақ жақын маңдағы сауда нүктелерінен 47 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді», - делінген хабарламада.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін