Түркияның «Фират Ром»ЖШС қызметкерлеріне қарақшылық шабуыл жасалған. 5-тамызда фирма директоры жүргізушісімен бірге ЖШС қызметкерлерінің жалақысына арналған аса ірі көлемдегі ақшамен банк кеңсесінен қайтып келе жатқанда оларға шабуыл жасалған.
«14 сағат 40 минут шамасында бетперде киген белгісіз біреулер қару көрсете қорқыту арқылы Түркия азаматтарына қарасты «Ауди-80″ автокөлігінен 4 млн. теңгені тонап кеткен»,- деп хабарлайды полиция.
Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы бойынша (қарақшылық шабуыл жөніндегі) қылмыстық іс қозғалды.
Шабуылға қатысы бар деген күдікпен 2007-жылдың 8-қаңтарында тәртіп сақшылары Қарағанды қаласының 20 және 23 жастағы екі тұрғынын құрықтады.
Олар қылмысты мойындады. Осы іс бойынша тергеу амалдары жалғасуда. Ұсталғандар тергеу абақтысында отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті