«Фашистер», «Укроптарға өлім» деген сөздердің жанында бұзақылар фашизмді насихаттайтын таңбаны да басып кеткен. Оның жанына өздерін таныстыру ретінде «ДШРГ» деген жазу қалдырыпты. Бұл ұйым – Украинадағы қақтығыстар кезінде қазіргі билікке қарсы айқасқан топтардың бірі. Қазір олар Украинадан бөліндік деп жүрген екі республика-сымақтың сойылын соғуда. Қазір полиция осы сорақы сөздердің авторларын іздестіріп жатыр. Оқиғаға қатысты «бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Loading...