Жарияланды: 360

Қарағандыда Украинаның құрметті консулдығы ашылды

Бүгін Қарағандыда Украинаның құрметті консулдығының ашылуы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Ашылу рәсіміне Қарағанды облысының әкімі Әбілғазы Құсайынов, Қазақстан Республикасындағы Украинаның Төтенше және Өкілетті Елшісі Олег Демин, ҚР-дағы Польша Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Яцек Ключковски, Украинаның Қорғаныс министрі Дмитрий Саламатин, Украинаның Қазақстандағы құрметті консулы Ерлан Досмағамбетов және басқа да ресми тұлғалар қатысты. Консулдық функцияларды орындау жөнінде келісімге қол қойылды, сондай-ақ консулдық патент пен экзекватура (қабылдап алатын мемлекет Үкіметінің консулды мойындағанын куәландыратын ресми құжат) табысталды. «Құрметті консулдықты ашу Қарағанды облысы және Украина аймақтары арасындағы өзара тиімді екіжақты қарым-қатынастарды қарқынды дамытуға мүмкіндік береді», - деп есептейді Ә.Құсайынов. Салтанат соңында Қарағанды және Украина ЖОО-лары арасында, сондай-ақ Қазақстан-Украина кәсіпкерлер қауымдастығы мен Қазақстан кәсіпкерлері қауымдастығы арасында өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін