«Жекпе-жектің жаңа түрін «үш күрес» деп атадық. Бұл әлемдік жекпе-жек бағытын ескерген қазақтың қазіргі заманғы жекпе-жегінің арнайы түрі. Спорттың бұл жаңа түрін Аблай ханның туылғанына 300 жыл толуы мен Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырып таныстыру өткізілді», — деді Н. Сухорукова ҚазТАГ тілшісіне бейсенбі күні.
Шараның ашылу салтанатында әртістер Аблайханның батыр жауынгерлеріне берген батасынан театрландырылған сахналық көрініс көрсетілді. Одан кейін үш күрестен І-ші қалалық турнир өтті. «Үш күрес қысқаша келген таяқтармен сайыс – «семсер күрестен», пышақтасудан – «қанжар күрестен» және «жекпе-жек күрестен» тұрады. Жауынгерлер арнайы қорғаныс сауыттар киген. Пышақтар, әрине, «ойыншық» пышақтар», — деді Н. Сухорукова.
Оның айтуынша, спорттың бұл жаңа түрін құру энтузиастерден шыққан. Жобаны облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР әскери самбо федерациясы қолдады.