Қарағандыда университеттің бас есепшісі 90 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда университеттің бас есепшісі 90 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған

Қарағандыда университеттің бас есепшісі 90 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырған

Қаржы мониторингі агенттігі Қарағандыда ірі көлемде ақша ұрлаған университеттің бас есепшісі ұсталғанын хабарлады.

  • 21 Маусым 2022
  • 27
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттік университтеттің атауын жариялаған жоқ. Бірақ тергеу кезінде бас есепшінің бюджет қаржысын қалай ұрлағанын ашық айтты. Ол 2021 жылдың қаңтары мен 2022 жылдың мамыры аралығында қызмет бабын пайдаланып, бөтеннің сеніп тапсырған мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырған.

"Атап айтқанда, жалақы, денсаулықты жақсарту және уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы түрінде берілетін ақшаны өз шотына, директордың орынбасарына, екі үй-жайларды тазалаушыға, бір оқытушы мен тағы бір есепшінің шотына аударып отырған. Осылайша жалпы сомасы 88 миллион теңгені ұрлаған", — дейді агенттік мамандары.

Осы уақытқа дейін 13 миллион теңге өтелді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.