Қарағандыда ҰҚКД қызметкеріне пара беру оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда ҰҚКД қызметкеріне пара беру оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда ҰҚКД қызметкеріне пара беру оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Қарағанды. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда ҰҚКД қызметкеріне пара беру оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қарағанды облыстық ҰҚК департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Тамыз 2008
  • 764
Фото - Caravan.kz

«Жоғары білім туралы жалған диплом пайдалану оқиғасы бойынша 2008 жылдың 2 маусымындағы қылмыстық іспен айналысқан қызметкерге жалған диплом пайдаланды деген күдікті оны қылмыстық жауапкершілікке тартпауы үшін пара ретінде 2 мың АҚШ долларын ұсынған», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 13 маусымда шамамен 17 сағат 45 минутта департамент ғимаратының жанындағы көлік тұрағының жанындағы алаңқайда ҰҚК департаментінің қызметкеріне 132 мың теңге мен 900 АҚШ доллары көлеміндегі параны беру кезінде жоғары білім туралы жалған диплом пайдаланды деген күдікті қамауға алынды.

«Осылайша, күдіктінің іс-әрекетінде ҚР Қылмыстық кодексінің 312-бабының 2-тармағында (Лауазымды тұлғаға пара беру) қарастырылған қылмыс белгілері байқалады. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізілуде», — деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар