Полициядағы сенімді ақпарат көзінен KZ-today тілшісіне хабарлауынша, ең ересегі 20 жастағы 4 жас жігіт соның алдында ғана есік бұзып ұрлық жасап жатқан жерінен ұсталған болатын.
Қазір осыған байланысты қалада «Перехват» шарасы жарияланды. Қашқындар іздестірілу үстінде.
Құқық қорғау мекемесінің өкілдері болған оқиға туралы ресми түсініктеме беруден бас тартып отыр. Ұсталғандардың полиция бөлімшесінен ешбір кедергіге ұшырамай қалай шығып кеткені тағы белгісіз.