Жарияланды: 390

Қарағандыда үш жасар бала оқ тиіп қаза тапты

Қарағанды. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда үш жасар бала оқ тиіп қаза тапты, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қарағанды облыстық ҰҚКД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Баланы 28 жастағы әкесі санаулы ғана минутқа өзінің "Мицубиси Паджеро" көлігінде қалдырып кеткен. Осы кезде бала қараусыз қалған калибрі 18 мм-лік "Оса" ПБ-4-1мл тапаншасын алып, абайсызда атып жіберген ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. Басынан жараланған бала облыстық клиникалық ауруханада қайтыс болды. Қазір баланың мәйіті мәйітханада. Бұл оқыс оқиға ретінде бағалануда",- деп хабарлайды ҰҚКД. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін