Ирина Баргатина мен Сергей Пирогтың отбасында үш бірдей қыз бала өмір есігін ашты. Дәрігерлердің айтуынша, әрқайсысы 2 келі болған бүлдіршіндердің жағдайы жақсы. Ата-аналары қыздарына Елизавета, Дарья және Полина деген есім де беріп үлгерген.
Дәрігерлердің ақпараттарына сүйенсек, Қарағандыда соңғы он жыл ішінде осымен төртінші рет үш егіз бала дүниеге келген.