Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Восток-3 ықшамауданындағы №3 су құбырында 24-қаңтарда 15 сағатта болған апат салдарынан 1146 үй сусыз қалды. Қаланы сумен қамтамасыз ету шарасы көлемі 200 мың текше метрді құрайтын қосалқы резервуарлардың көмегімен жүзеге асырылды. Қалпына келтіру жұмыстарын «Водоканал» ААҚ-ның жұмысшылары атқарды.
Қалпына келтіру жұмыстары 25-қаңтарда аяқталды. Бүгін үйлерге су толыққанды жіберілуде , дейді министрліктегілер.