Қарағандыда заңсыз арқар аулаған табиғат қаскөйлері ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда заңсыз арқар аулаған табиғат қаскөйлері ұсталды

Қарағандыда заңсыз арқар аулаған табиғат қаскөйлері ұсталды

Қарағандыда полиция қызметкерлері заңсыз арқар аулаған табиғат қаскөйлерін ұстады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Қарағанды облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 8 Желтоқсан 2004
  • 544
Фото - Caravan.kz

Ақпаратқа сәйкес, браконьерлер 5-желтоқсанда Қарқаралы-Қарағанды тас жолының бойында ұсталған. Тәртіп сақшылары тоқтатқан «Тойота» автокөлігінде Теміртаудағы бір ЖШС-нің директоры мен Қарағандыдағы бір аурухананың хирургы отырған. Тексеру кезінде көліктің жүк салғышынан атылған екі арқар шықты.

Ұсталғандардың қолында аңдарды атуға лицензия болмаған. Осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

Перейти к новостям спорта