Қарағандыда зейнеткер әйел қызын пышақтап тастады
Қарағандыда 48 жастағы әйел пышақ жарақатынан көз жұмды. |
Пышақпен бауыздалған әйел клиникалық ауруханаға кеше жеткізілген, алайда бірнеше сағаттан кейін ол есін жимастан қайтыс болды, деп "Интерфакс-Қазақстан" агенттігіне облыстық полицияның баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әйел өзінің 81 жастағы анасымен ішімдік ішкені анықталған. Олардың арасында кикілжің туындаған кезде анасы қызын пышақпен бауыздаған да, соңынан өз жүрегіне пышақ салып қайтыс болған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін