Қарағандыда жамбасы сынған 101 жастағы қарияға ота жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жамбасы сынған 101 жастағы қарияға ота жасалды

Қарағандыда жамбасы сынған 101 жастағы қарияға ота жасалды

Қарағандыда профессор Хафиз Мақажанов атындағы клиникада жамбасы сынған 101 жастағы зейнеткер Шәукей Жұқанұлына ота жасалды.

  • 13 Шiлде 2016
  • 380
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат

«4 шілдеде Мақажанов атындағы клиникаға 1915 жылы туған Шәукей Жұқанұлы түсті. Оны тексерген мамандар эндопротездеу отасын жасау шешіміне келді», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Дәрігерлердің ақпаратынша, ота 35 минут жасалды.

«Науқастың жас ерекшелігін ескере отырып оны реанимациялық бөлімшеге жайғастырды. Екінші тәулікте  қарапайым  палатаға көшірілді. Төртінші күні ол жүріс арбасымен қозғала бастады», — деп атап өтті А. Иса.

Бүгін Шәукей Жұқанұлы клиникада қайта қалыпқа келу емдік шараларын қабылдап жатыр.


Дәрігерлер жамбастың сынуы қарттарда жиі кездесетінін атап өтті. Заманауи емдік шаралары қарияны бірнеше күнде аяғына тұрғызуға мүмкіндік береді. Оталар кепілдендірілген медициналық көмек аясында тегін жасалады.