Қарағандыда жанармай тарату станциясында оператор әйел өлтірілді - полиция - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жанармай тарату станциясында оператор әйел өлтірілді - полиция

Қарағандыда жанармай тарату станциясында оператор әйел өлтірілді - полиция

Қарағанды. 6 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарағандыда жанармай тарату станциясында оператор әйел өлтірілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 6 Қараша 2008
  • 409
Фото - Caravan.kz

«Открытая көшесіндегі «Омега» жанар-жағармай станциясында оқ тиіп қаза тапқан 55 жастағы оператор әйелдің мәйіті табылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Қаза тапқан әйелдің мәйітін жанармай алуға келген полиция жасағы тауып алған», — деп хабарлайды полиция.

Полицейлердің болжамына сәйкес, шабуыл жасағандар алдымен әйелді атып өлтіріп, сосын терезені сындырып, терезенің темір торын бұзып, кассаға кірген. Жанармай тарату станциясының қожайынының хабарлауынша, әйелдің ұялы телефон мен 100 мың теңгесі жоғалған. Бұл ақшаның жартысы оператор әйелдің жалақысы болған.

Бұл дерек бойынша, Қарағанды қаласының Октябрь аудандық ІІБ тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің кісі өлтіру жөніндегі 96-бабының «з»-тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар