Жарияланды: 280

Қарағандыда жас қыздарды шейхтарға сатқан сән агенттігінің директоры ұсталды

Қарағандыда 15 және 18 жасар қыздарды шетелге құлдыққа сатқан сән агенттігінің директоры ұсталды. Ол бойжеткендерді подиумда киім үлгілерін көрсетуге барасыңдар деп алдап, шетел асырған. Ал ол жақта жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлепті. 

Сән агенттігі директорының өзі небәрі 21 жаста. Ол қыздарды алдамадым, күш те көрсетпедім деп отыр. Бірақ полицейлер оның ізіне 2 ай түсіп жүріп бұлтартпас айғақтар жинаған. Үйін тінту кезінде дәйек болатын құжаттар мен қомақты соманы тәркілепті. Айтуларынша, сән агенттігіне келіп жүрген бойжеткендерге фотосессия өткізіп, кейін шетелге жұмысқа жолдама алдыңдар деп алдаған. Құрыққа түскендерін Бахрейн мен Біріккен Араб Әмірлігіне аттандырып отырыпты. Қазір полиция жеңгетайдың сыбайластарын және шетел асып жоғалған 3 қызды іздестіріп жатыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін