Қарағандыда жеке меншік суық қару жинағы тоналды - kaz.caravan.kz
  • $ 502.57
  • 591.68
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жеке меншік суық қару жинағы тоналды

Қарағандыда жеке меншік суық қару жинағы тоналды

ҚАРАҒАНДЫ. 23-қараша. Kazakhstan Today. Қарағандыда жеке меншік суық қару жинағы тоналды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне қаланың Қазыбек би аудандық ІІБ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

  • 23 Қараша 2006
  • 528
Фото - Caravan.kz

Полиция ақпаратына сәйкес, кешкісін жұмыстан оралған 40 жастағы жинақ иесі үйінің есігін біреулердің бұзып, пәтерден жеке меншік суық қарулардың жинағы мен алтын бұйымдарды тонап кеткенін бірақ білген. Сөйтіп оның көп жыл бойы жинастырған, аукциондарда сатып алған және дос-жарандары сыйға тартқан жинағы қолды болды.

Тәртіп сақшылары ұрыны әзірге құрықтай алған жоқ. «Қылмысқа қатысы болуы мүмкін адамдар анықталу үстінде. Тәртіп сақшыларының жорамалына сәйкес, бұл кәнігі тонаушылардлың ісіне ұқсайды», деді Қазыбек би аудандық ІІБ-ның баспасөз хатшысы Валентина Ерещенко.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта