Қарағандыда жеке меншік жоғары оқу орнының екі студенті асулы тұрған жерінен табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жеке меншік жоғары оқу орнының екі студенті асулы тұрған жерінен табылды

Қарағандыда жеке меншік жоғары оқу орнының екі студенті асулы тұрған жерінен табылды

Қарағандыда өзекті білім беру жөніндегі "Болашақ" жеке меншік жоғары оқу орнының екі студенті асулы тұрған жерінен табылды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 13 Сәуiр 2004
  • 420
Фото - Caravan.kz

18 және 20 жастағы екі студент қыздың мәйіті 12-сәуірде Қарағанды қаласы Пришахтинск ауданындағы қараусыз қалған «Солнечный» балабақшасынан табылды. Оқиға орнынан қыздардың хаты шыққан. Хатта олар «қайыршылық ахуалдан әбден қажығандарын» хабарлап, туыстарынан кешірім сұраған көрінеді.

Тергеу барысында белгілі болғанындай, Қарқаралы ауданы Егіндібұлақ ауылынан келген екі қыз Қарағандыда пәтер жалдап тұрған. Қыздардың бір көршісінің хабарлауынша, қайғылы оқиға қарсаңында олардың бірі өмірін қию мүмкіндігі туралы айтып жүрген.
Қазір осы оқиға бойынша тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар