«Кәсіпкердің айтуынша, оны жас шамасы 18-20-дағы азиат нәсілдес екі жігіт тонаған. Ол осы оқиғаның алдында ғана банктен қомақты көлемде қаражат алған көрінеді. Қол сөмкедегі қаражат кәсіпорынға тиесілі болатын», — деп хабарлайды Қазыбек би ауданының прокурорлары.
Соған қарағанда қарақшылар оның банктен ақша алғанынан хабардар болған болуы мүмкін. Кәсіпкердің мұрны сынып, миы шайқалған.