Оқыс оқиға 18 шілдеде тіркелді. 5 үлгідегі «ВАЗ» автокөлігі мен «Фольксваген» Голубые пруды ықшам ауданында жанармай бекетіне қарама қарсы бетте қақтығысқан. Апат салдарынан «Жигули» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Екінші көліктің жүргізушісі мен төрт жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Араларында 9 жасар қыз бар.