Жол апаты Бұхар жырау даңғылы мен Лобода көшелерінің қиылысында болып, «Ауди-100», «ВАЗ-2106» және екі бірдей «Сузуки» автокөліктері соғысып қалды. Апат салдарынан «Сузуки» автокөліктерінің жүргізушілері мен үш жолаушы, соның ішінде 3 және 11 жастағы екі бала жараланды. Олардың бәрі де ауруханаға жатқызылды.