Жол апаты 18-қыркүйек күні таңертең ерте Қарағанды қаласы мен әуежай арасындағы трассада болған. Алдын-ала жорамал бойынша үлкен жылдамдықпен жүйткіп келе жатқан «Ауди» автокөлігі жолдың шетіне шығып кетіп, бірнеше мәрте аунап түскен. Көлікте отырған 24 және 35 жастағы екі әйел оқиға орнында мерт болды.
Жол полициясының хабарламасына сәйкес, қаза тапқан екі әйел ҰҚК-нің облыстық департаментінде, әуежайдағы жүктерді тексеру порталында істеген. Олар таңертең ерте жұмысқа асыққан сыңайлы.
Оқыс оқиғаның мән-жайын тексеру ісімен әскери прокуратура айналысуда. Алдын-ала жорамал бойынша жол апатының шығуына жылдамдықты тым асырып жіберу түрткі болғанға ұқсайды.