Қарағандыда жолаушыға толы екі автобус соқтығысты - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
16 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жолаушыға толы екі автобус соқтығысты

Қарағандыда жолаушыға толы екі автобус соқтығысты

Жеті жолаушы ауруханаға жеткізілді.

  • 9 Қаңтар 2024
  • 5
Фото - Caravan.kz

Қарағандыда екі автобус соқтығысып, соның салдарынан жолаушылар зардап шекті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на  сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Карл Маркс көшесінде болған. №56 және №44 автобустар соқтығысып, соның салдарынан жеті жолаушы ауруханаға жеткізілді.

«Олардың барлығы әртүрлі жерінен көгерген. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін зардап шеккендердің барлығы амбулаторлық емдеуге жіберілді. Тағы екі жолаушыға көмек қажет емес», — деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасынан.

Полицейлер жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғап, қажетті сараптамалар тағайындады.

Перейти к новостям спорта