Жарияланды: 310

Қарағандыда жүк көлігі ыстық су құбырын талқандап, 100-ден аса үй жылусыз қалды

Қарағандыда жүк көлігі ыстық су құбырын соғып, опырып жіберді. Салдарынан қаладағы орталық көшенің бірін су алып, 100-ден аса үй жылусыз қалды.

Контейнер тиеген жүк көлігі аспалы құбырға соғылған. Қатты қысыммен атқылаған су тұтастай көшені басып қалып, көлік қозғалысына да кедергі келді. Коммуналдық мекеме өкілдері құбырға су жіберуін тоқтатқан соң, сол аудандағы 100-ден аса тұрғын үй жылусыз қалды. Қазір жөндеу жұмыстары жүріп, келген шығын есептеліп жатыр. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін