Қарағандыда журналистерге облыс әкімінің сыйлығы табыс етілді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда журналистерге облыс әкімінің сыйлығы табыс етілді

Қарағандыда журналистерге облыс әкімінің сыйлығы табыс етілді

Бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері өз кәсіби мерекелерінің қарсаңында Қарағанды облысы әкімінің сыйлығын алды.

  • 27 Маусым 2011
  • 472
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі заманды ақпаратсыз, яғни ақпарат әлемін толымды етіп отырған сіздерсіз елестету қиын. Және бүгінгі мереке күні, сіздерге, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталып отырған оның идеяларын кеңінен таныстырып отырғандарыңыз үшін шынайы алғысымды білдіргім келеді», деп атап көрсетті облыс әкімі Серік Ахметов «Алтын Сұңқар» сыйлығын табыс ету рәсімінде.

Биыл 18 журналист әрқайсысы 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Олардың қатарында облыстық газеттер мен телерадиокомпаниялардың қызметкерлері, республикалық басылымдардың меншікті тілшілері бар. Аудандық басылымдардың редакторлары мен тілшілері де сыйлықтармен аталып өтті.

Жеңімпаздар 18 аталым бойынша өткен конкурстың қорытындысы бойынша анықталды. Атап айтқанда, «Мамандыққа адалдығы үшін» аталымында «Орталық Қазақстан» облыстық газетінің журналисі Жанысбай Сүйіндік пен «Первый Карагандинский» телеарнасының директоры Любовь Оборок облыс әкімінің сыйлығына ие болды.

Соңғы жаңалықтар