Қарағандыда жылу беру маусымы даумен басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыда жылу беру маусымы даумен басталды

Қарағандыда жылу беру маусымы даумен басталды

Бүгін Қарағандыда да жылу беру маусымы басталды. Алайда қазір қаланың жартысы жылусыз отыр. Себебі мұнда да бірнеше көшелерде құбырларды ауыстыру жұмыстары әлі аяқталмаған.

  • 2 Қазан 2015
  • 266
Фото - Caravan.kz

Қаладағы ірі 3 көшедегі 4 жарым шақырым құбырды ауыстыру жұмыстары маусым айында басталған. Содан бері көлік түгілі жаяу адамға жүріп тұру мұң. Жұмыстардың аяқталу мерзімі кеше өтіп кеткенімен осы көшелердегі жанталас әлі тоқтаған жоқ. Десе де, биліктегілер қазанның 10-на дейін тегіс жылу беріледі, -деп ант су ішіп отыр. Ала жаздай кептелістерде қаңтарылып, енді жылудың әлегін тартамыз ба деген тұрғындар шенеуніктері наразы.

Наталья Павлова, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Жылу маусымы басталды деп айтуға ауыз бармайды. Жаз бойы қозғалыстан қиналдық. Қыркүйектің 30- на жұмыс бітеді деген. Ал, міне, көріп тұрғандарыңыздай, біткен дәнеңесі де жоқ.  

Соңғы жаңалықтар