Қарағандыдағы бір әскери комиссариаттың комиссары пара алғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.49
  • 587.73
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
8 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы бір әскери комиссариаттың комиссары пара алғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айрылды

Қарағандыдағы бір әскери комиссариаттың комиссары пара алғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айрылды

Қарағандыдағы бір әскери комиссариаттың комиссары пара алғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айрылды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 22 Желтоқсан 2004
  • 428
Фото - Caravan.kz

Полицияға шағым түсірген бір жігіт жергілікті бір әскери комиссариаттың полковнигі жаңа үлгідегі тіркеу куәлігі үшін өзінен ақша бопсалағанын хабарлады. Әскери комиссар 10 мың теңге мөлшерінде пара алып жатқан жерінен қолға түсті.

Комиссарға қатысты қылмыстық іс бастапқыда Қарағанды гарнизонының әскери сотында ашық қаралды. Айыпкер ҚР Қылмыстық кодексінің «Билігін бас пайдасына жарату, асыра пайдалану немесе әрекетсіздік» жөніндегі 380-бабы, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Әскери сот оған екі жыл бойына әскери қызметін шектеу, айлық жалақысының 20 процентін мемлекеттік кіріс ретінде ұстап қалу жазасын жүктеді. Алайда, Орталық аймақтық прокуроры бұл жазамен келіспей, ҚР әскери сотына апелляциялық шағым түсірді.
Орталық аймақтық әскери прокурорының аға көмекшісі, әділет капитаны Андрей Осадчев алғашқы сатылы соттың үкімі «өте жеңіл әрі жасалған қылмысқа сәйкеспейді» деп санайды. «Полковник осындай қылмыс жасау арқылы әскери тәртіпті, мемлекеттік мекемелердегі тәртіпті нығайтуға салқынын тигізіп қана қоймай, ең бастысы, әскери комиссар 1978-жылы өзі берген әскери антты бұзды»,- дейді А.Осадчев.
Әскери прокурордың шағымын қарап, істі зерттеген ҚР әскерлерінің әскери соты айыпкерді екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын жүктеп, жазаны жалпы тәртіпті абақтыда өтеуге кесті. Сондай-ақ, полковник ұйымдастырушылық-билік функцияларына қатысы бар қызметке тағайындалу құқығынан 3 жыл мерзіммен айрылды.

Перейти к новостям спорта