Қарағандыдағы "Сары-Арқа әуежайы" Акционерлік Қоғамы акцияларының бақылау пакетін сату жөніндегі тендер тағы да өткізілмеді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы "Сары-Арқа әуежайы" Акционерлік Қоғамы акцияларының бақылау пакетін сату жөніндегі тендер тағы да өткізілмеді

Қарағандыдағы "Сары-Арқа әуежайы" Акционерлік Қоғамы акцияларының бақылау пакетін сату жөніндегі тендер тағы да өткізілмеді

Қарағандыдағы "Сары-Арқа әуежайы" Акционерлік Қоғамы акцияларының бақылау пакетін сату жөніндегі тендер тағы да кейінге қалдырылды . Оған себеп, тендерлік комиссияға бірде-бір сатып алушыдан тапсырыс келіп түспеген,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Маусым 2003
  • 486
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл нысанды Қарағанды облысы 2000-жылдың қыркүйегінен бері сата алмай келеді. Бастапқыда әуежайды кейінірек сатып алу туралы байламмен «Альтаир» атты араб компаниясына сенімді басқаруға беру жөнінде келісімге қол қойылған болатын. Алайда инвесторға қойылған шарттар орындалмағандықтан 2002-жылы келісім бұзылды. Содан бері әуежайға сатып алушы табылмай келеді. Акцияларының бақылау пакетінің алғашқы белгіленген құны 600 млн. теңге болатын. Соңынан бұл баға 1 млрд. 200 млн. теңгеге дейін қымбаттатылды. Ал соңғы тендерде бақылау пакеті бұрынғыдай 600 млн. теңгеге ұсынылған.

Коммуналдық шаруашылықты басқару жөніндегі облыстық департаменттің хабарлауынша, кезекті сауда-саттықтың белгіленген күні жуырда жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар