Жарияланды: 420

Қарағандыдағы сауда орталығын колонияда өтеп жүрген азамат «миналаған»

Қарағандыдағы «City MALL» сауда-көңіл көтеру орталығын тонаушылығы үшін жазасын облыстағы колонияда өтеп жүрген азамат «миналаған», деп хабарлайды облыстық ІІД.

«Қарағанды облысының Абай ауданының «102» пультына белгісіз ер адам ұялы телефонмен хабарласып, 4 маусымда «City MALL» сауда орталығы жарылатынын айтқан. Облыстық ІІД ҰҚКБ экстремизммен күрес бөлімінің қызметкерлері, Абай АІІБ мен Қарағанды қ. ІІБ бірлесіп жүргізген шаралар барысында ұялы байланысты номері және жалған лаңкестің аты-жөні анықталды», - деп мәлім етті ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының бастығы Жанатай Сембеков дүйсенбі күні. Полицияның мәліметтеріне сәйкес, лаңкестік аткісі туралы жалған хабар бергені үшін 40 жастағы ер адам күдіктеліп отыр. «Ол тонаушылық жасағаны үшін 3 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған. Жазасын колонияда өтеп жүр. Бұрын сотты болған», - деп нақтылады Ж. Сембеков. «Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүргізіліп жатыр», - деді ол. Бұрын хабарланғандай, Қарағандыда «City MALL» СКО-сында оқиға сенбі күні күндізгі сағат 4-те болған. Ғимаратқа қойылған жарылғыш құрылғысы туралы жалған хабарға байланысты 4 мыңнан аса адамды эвакуациялауға тура келді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть