Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
КАРАҒАНДЫ. 6 қараша. Kazakhstan Today. Қарағандының темір балқыту зауытының алаңында 12 мина табылды,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне қалалық төтенше жағдайлар туралы басқарманың бас маманы Раушан Мусина. Оның хабарлауынша, жексенбі күні 10.30-да қаланың Октябрь ауданындағы ІІБ кезекшісіне "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі зауыт күзетшісінің қосалқы ғимаратындағы темір үйінділер арасынан 12 мина табылғаны туралы мәлімет келіп түскен. Қару-жарақты кәсіпорынның директоры "Минова Қазақстан" ЖШС солтүстік өндіріс кеңістігіне тексеру жүргізу кезінде байқаған. Оқиға орнына келіп жеткен әскерилер мен полиция қызметкерлері миналардың оқу- жаттығулар үшін, оны жаяу әскерге, екеуі танкіге қарсы арналғанын анықтады. Қару-жарақтар тексеру жұмыстарын жалғастыру үшін зауыттан тыс жерге жөнелтілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті