Қарағандыдағы жедел жәрдем дәрігерлері тағы шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандыдағы жедел жәрдем дәрігерлері тағы шу шығарды

Қарағандыдағы жедел жәрдем дәрігерлері тағы шу шығарды

Қарағандыда жедел жәрдем төңірегіндегі дау әлі тиылмай тұр. Естеріңізге сала кетсек, осыдан үш апта бұрын халыққа шұғыл көмек көрсетуі тиіс дәрігерлер қарапайым еңбек етуге қолайлы жағдай туғызуды сұрап Денсаулық сақтау министрінің жеке блогына шағым жолдаған болатын. Осыған байланыстыарнайы комиссия құрылып, тексеріс басталған-ды.Алайда, оның  қортындысына арызданушылардың көңілдері толмай отыр.   

  • 28 Шiлде 2011
  • 475
Фото - Caravan.kz

Қол соғып бір-біріне шабыт берген дәрігерлер сөзден сүрінбеді бүгін. Қызметтік тексерулерінің қорытындысын айтуға келген арнайы комиссия өкілдері де ашуға мінген топты біразға дейін сабасына түсіре алмады. Бірақ, олардың жедел жәрдемдегі бетімен кеткен бейберекетсіздікті тізіп,денсаулық сақтау министрінің жеке блогына жазған шағымдарын орынды деп отыр.

Александра Мадиярова, Қарағанды облыстық кәсіподақ комитетінің төрайымы:

-Жұмыстың зияндығы үшін төлемейді деп бір шықты, еңбек демалысы дұрыс берілмеді деп екі шықты. Сосын дәріні өзіміз аламыз, киім бермейді деп маған телефон соқты. Бәрі дұрыс жазылған.

Әбден ашынған дәрігерлер халыққа шұғыл медициналық көмек көрсетуге қауқарсыз екендіктерін ашып айтып отыр. Себебі, маман жетіспейді, сондықтан жұмыс екі еселенген. Тіпті маңдай тер ақылары да дұрыс төленбейтін болған. Құрал-жабдықтар ескіріп, көліктер тозған.

Арызданушылар денсаулық сақтауды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны көңілдеріне демеу етеді. Бірақ, өз мекемелеріне жыл сайын бюджеттен бөлінетін 680 млн теңгенің қайда жұмсалып жатқанынтүсінер емес. Ал жедел жәрдем қызметінің жаңа басшысы қоластындағы қызметкерлерінің қойған талаптарын орындай алмайтынын ашық мойындап отыр.


Жақсылық Бекембаев, қалалық жедел жәрдем қызметінің бас дәрігері:

-Анау сегіз пункт анау маған жазған ол менің қолымда жоқ. Финансированиенің қолында. Управлениенің қолында. Сол пункттар менің қолымнан келмейді.

Дау ушығып тұрғанда, жуырда Қарағандыға Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова келіп кеткен. Алайда, кеншілер қаласында туып өсіп, еңбек жолын осында бастаған еліміздің бас дәрігері жедел жәрдем қызметіндегі әріптестерінің қиындығы туралы мардымды ештеңе айтпады. 

Бірақ, министр ханым уәде еткенімен, кейін тілшілермен сұхбаттасуға уақыт тапқан жоқ. Осылайша, елдің жарасын жазуға тырысатын дәрігерлердің жанына батқан мәселелер әлі түпкілікті шешімін тапқан жоқ. Облыстық денсаулық сақтау департаментінің жанынан құрылған арнайы комиссияның қызметтік тексеруі де тығырыққа тірелді. Себебі, арызданушылар олардың кейбір шешімдерімен  келіспей, енді басынан дау арылмаған мекеменің қаржылық жүйесін толығымен тексеріп шығуды талап етуде. Ал екітараптың тартысынан қарапайым халық қана зардап шегіп отыр. Себебі, науқастар жедел жәрдемді бұрынғыдан да бірнеше сағат бойы сарылып күтуге мәжбүр.

Соңғы жаңалықтар