Қарағандылық әйел сәбиінің өлімі үшін перинаталдық орталықтан 1 миллиог 29 мың теңге өндіріп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қарағандының Қазыбек би аудандық № 2 сотының баспасөз қызметі әйелдің 2016 жылдың 29 желтоқсанында перинаталдық орталыққа "Жүктіліктің 41-аптасы. Жалған толғақтар. Ремиссия деңгейіндегі созылмалы пиелонефрит" деген диагнозбен түскенін хабарлайды. 2016 жылдың 30 желтоқсанында әйелге кесарь отасы жасалып, ұл бала дүниеге келген. Бірақ 2017 жылдың 3 қаңтарында сәби көз жұмады. Әйелдің айтуынша, сәби 36 сағат бойы сусыз кеңістікте болған. "Сот талап етуші тараптың шағымын қанағаттандырып, моральдық шығын ретінде 1 000 000 теңге. ал материалдық шығын ретінде 29 000 теңге өндіру туралы шешім шығарды", — деліген соттың хабарламасында. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.