Қарағандылық әйел сәбиінің өлімі үшін перзентханадан миллион теңге өндіріп алды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық әйел сәбиінің өлімі үшін перзентханадан миллион теңге өндіріп алды

Қарағандылық әйел сәбиінің өлімі үшін перзентханадан миллион теңге өндіріп алды

[wpcode id="1694287"] Қарағандылық әйел сәбиінің өлімі үшін перинаталдық орталықтан 1 миллиог 29 мың теңге өндіріп алды, - деп хабарлай

  • 4 Қаңтар 2018
  • 171
Фото - Caravan.kz


Қарағандылық әйел сәбиінің өлімі үшін перинаталдық орталықтан 1 миллиог 29 мың теңге өндіріп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағандының Қазыбек би аудандық № 2 сотының баспасөз қызметі әйелдің 2016 жылдың 29 желтоқсанында перинаталдық орталыққа "Жүктіліктің 41-аптасы. Жалған толғақтар. Ремиссия деңгейіндегі созылмалы пиелонефрит" деген диагнозбен түскенін хабарлайды. 2016 жылдың 30 желтоқсанында әйелге кесарь отасы жасалып, ұл бала дүниеге келген. Бірақ 2017 жылдың 3 қаңтарында сәби көз жұмады. Әйелдің айтуынша, сәби 36 сағат бойы сусыз кеңістікте болған. "Сот талап етуші тараптың шағымын қанағаттандырып, моральдық шығын ретінде 1 000 000 теңге. ал материалдық шығын ретінде 29 000 теңге өндіру туралы шешім шығарды", — деліген соттың хабарламасында. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.
 

Соңғы жаңалықтар