Қарағандылық алаяқ біреудің жеке куәлігін ұрлап, алты несие рәсімдеген - kaz.caravan.kz
  • $ 510.81
  • 578.59
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
2 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық алаяқ біреудің жеке куәлігін ұрлап, алты несие рәсімдеген

Қарағандылық алаяқ біреудің жеке куәлігін ұрлап, алты несие рәсімдеген

Қарағандыда алаяқ біреудің құжатын пайдаланып алты несие рәсімдеген.

  • 27 Сәуiр 2023
  • 45
Фото - Caravan.kz

Қарағанды ​​қаласы ПБ Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 37 жастағы ер адам арызданған. Арызданушы белгісіз біреу оның жеке куәлігін ұрлап кеткенін айтқан. Осы құжатты пайдалана отырып, қаладағы түрлі микронесие ұйымдарында алаяқ алты несие рәсімдеп үлгерген. Келтірілген шығын мөлшері анықталып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті 35 жастағы ер адамды ұсталды. Ол қылмысын мойындады.


ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.