Қарағандылық ауыр атлет Максим Лактионов жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық ауыр атлет Максим Лактионов жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қарағандылық ауыр атлет Максим Лактионов жасөспірімдер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Қарағандылық Максим Лактионов Словакияда ауыр атлетика бойынша 17 жасқа дейінгі жасөспірмдер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

  • 27 Қыркүйек 2012
  • 342
Фото - Caravan.kz

Жүлдегер мен оның жаттықтырушысы Геннадий Лактионовты бүгін облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы құттықтады. Спортшы ауыр атлетика бойынша облыстық федерациядан ақшалай сыйлыққа ие болды.

«Қазіргі уақытта облыста ауыр атлетика бойынша үміт арқалаған 15 спортшы бар. Біз олардың әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс істейміз», — деді ауыр атлетика бойынша облыстық федерацияның президенті Төлеген Әшімов.

Ол Қарағандыда ауыр атлетика орталығын салу жоспарланып отырғандығын айтты. «Өкінішке қарай, әзірге бұл спорт түрімен айналысу үшін мамандандырылған зал жоқ», — деді федерация басшысы.

Кошице (Словакия) қаласында өткен әлем чемпионатында М. Лактионов 94 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қоссайыстың қорытындысы бойынша күміс медальді олжалады. Қазақстандық кір көтеруші 339 келі салмақты көрсетіп, «жұлқа» көтеруде — 160 келі, «серпе» көтеруде — 179 келіні бағындырды.

Айта кетейік, аталмыш әлем чемпионатына 35 мемлекеттен спортшылар қатысты. Алтын медальді 347 келі көрсеткішпен молдаван Марсель Гудеа еншіледі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера