Қарағандылық боксшы 60 килолық салмақ дәрежесінде олимпиада додасының жартылай финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.55
  • 524.28
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық боксшы 60 килолық салмақ дәрежесінде олимпиада додасының жартылай финалына шықты

Қарағандылық боксшы 60 килолық салмақ дәрежесінде олимпиада додасының жартылай финалына шықты

Қарағандылық 23 жасар былғары қолғап шебері Серік Елеуов 60 килолық салмақ дәрежесінде олимпиада жарыстарының жартылай финалына шығып, қола жүлдені қамтамасыз етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2004
  • 542
Фото - Caravan.kz

«Жартылай финалға шығу үшін С.Елеуов 29:23 деген ұпаймен итальяндық Доменико Валентиноны тізе бүктірді. С.Елеуов 1998-жылы жастар арасындағы әлем біріншілігінде жеңіске жетіп, Афиныдағы табысқа негіз қалаған»,- дейді 1996-жылғы олимпиаданың қола жүлде иегері Болат Ниязымбетов.

Олимпиаданың жартылай финалында С.Елеуов 27-тамыз күні Ұлыбританиялық былғары қолғап шебері Амир Ханмен сайысқа түседі.
Бұл Қазақстан құрамасы үшін екінші қола жүлде болмақ. 69 кило салмақ дәрежесінде жарысқа түскен Тараздық боксшы Бахтияр Артаев та өзіне қола жүлдені қамтамасыз етті.
Жалпы алғанда Қазақстандық сегіз боксшыдан үш адам медаль үшін сайысты одан әрі жалғастыруда.
Бүгін 2003-жылғы әлем чемпионы Геннадий Головкин жартылай финалға шығу үшін Египеттік Яссер Рамаданмен қолғап түйістіреді.