Қарағандылық футболшылар Польшаның «Гурник» командасын 1:0 есебімен ұтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық футболшылар Польшаның «Гурник» командасын 1:0 есебімен ұтты

Қарағандылық футболшылар Польшаның «Гурник» командасын 1:0 есебімен ұтты

Кеше Түркияда Қарағандының «Шахтері» Забже қаласының «Гурник» командасымен жолдастық кездесу өткізді.

  • 9 Ақпан 2012
  • 373
Фото - Caravan.kz

Онда Қазақстан Премьер лигасының 2011 жылғы чемпионы Польшаның экстра-класында өнер көрсететін қарсыласын 1:0 есебімен ұтты. Қарағандылықтар өз тарихында чемпиондық атаққа былтыр тұңғыш рет қол жеткізіп, оған дейін 3 рет қола жүлдегер, 2 рет Қазақстан кубогының финалисі болған еді. Забжеліктер болса Польша чемпионатында 14 дүркін топ жарып, 4 рет күміс, 6 рет қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ 6 рет кубок иегері атанып, 7 рет финалист болған және 1 рет Польша лигасы кубогын иеленіп, 1 рет Суперкубокты жеңіп алып, бір рет финалист және бір мәрте Кубок иегерлері кубогының финалисі болды.

Виктор Кумыков жаттықтыратын «Шахтер» 7-ақпанда Ташкенттің «Бунёдкор» командасымен болған алғашқы кездесуде 1.1 есебімен тең түскен еді. Одан кейін Қазақстан мен Өзбекстан чемпиондары кеше негізгі құраммен қайта күш сынасатындарын мәлімдеген еді. Алайда бұл ойын 10-ақпанға шегеріліпті. Миржалол Касымов жаттықтыратын ташкенттіктер 2008 жылғы Азия чемпиондар лигасының жартылай финалисі, Өзбекстан чемпионатының 4 дүркін чемпионы және 1 мәрте күміс жүлдегер атанып, 2 дүркін ел кубогын иеленіп, 2 рет финалист атанған команда.