Қарағандылық футболшылар севастопольдік құрдастарымен болған жолдастық кездесуде 2:1 есебімен басым түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық футболшылар севастопольдік құрдастарымен болған жолдастық кездесуде 2:1 есебімен басым түсті

Қарағандылық футболшылар севастопольдік құрдастарымен болған жолдастық кездесуде 2:1 есебімен басым түсті

Кеше Түркияда оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қарағандының «Шахтер» футбол клубы «Севастополь» командасын 2:1 есебімен ұтты.

  • 15 Ақпан 2012
  • 377
Фото - Caravan.kz

2002 жылы құрылған Севастополь қаласының командасы 2010/2011 жылғы маусымда тұңғыш рет Украина Премьер лигасында өнер көрсетіп 15-орын алған болатын. Олар 2009/2010 жылғы маусымда Бірінші лигада, ал 2006/2007 жылғы маусымда Екінші лигада топ жарып, 2005/2006 жылғы маусымда Екінші лигада қола жүлдегер атанған. Қазақстан Премьер лигасының 2010/2011 жылғы чемпионы бұл ойында 2 допты да кездесудің бірінші жартысында енгізді.

Бұл Виктор Кумыков жаттықтыратын қарағандылықтардың Түркиядағы соңғы жиынында жоспарланған 4-жолдастық кездесуі болатын. Олар кездесудің барлығын өз пайдасына шешті. Атап айтқанда 8 ақпанда Польшаның экстра-класында өнер көрсететін Забже қаласының «Гурник» командасын 1:0 етіп ұтты. Ал 7 ақпанда Өзбекстан чемпионы Тәшкенттің «Бунёдкор» командасымен екінші құрамы 1:1 есебімен тең түссе, негізгі құрамы 10 ақпанда 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Шахтер» енді 20-28 ақпанда Астанада соңғы әзірліктерін пысықтаған соң 6-наурызда «Астана-аренада» 2011 жылы Қазақстан кубогының жеңімпазы атанған Шымкенттің «Ордабасы» командасымен Суперкубокты сарапқа салады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера