Барлық категориялы жұмыскерлердің жалақысын көтеру туралы шешім жеке құжат түрінде қабылданды. Екі жақты комиссия қол қойған құжатта «Миттал Стил Теміртау» АҚ көмір департаментінің жалақы қоры 1-шілдеден бастап 95 млн. теңгеге өсетіні айтылған. Бұл барлық категориялы жұмысшылардың жалақысын 10 процентке, ал жер астында еңбек ететін кеншілердің жалақысын 22 процентке өсіруге мүмкіндік береді.