«Р.Сайфуллин команда капитанының өкілеттіктерін тоқтатты. Енді экс-капитан «Сарыарқаның» бас бас жаттықтырушысы болды», — делінген дүйсенбі күні клубтың баспасөз қызметінің ақпаратында.
Р. Сайфуллин — Ижевск хоккей командасының тәрбиеленушісі, «Авангард» (Омбы), «Трактор» (Челябинск), «Металлург» (Новокузнецк), «Автомобилист» (Екатеринбург), «Барыс» ХК (Астана), «Ижсталь» (Ижевск) командалары үшін өнер көрсеткен. Ресейдің жастар құрамасының құрамында 1994 ж. Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері, 1995 ж. әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2003/2004 маусымында «Авангард» ХК құрамында Ресей чемпионатының (суперлига) алтынына ие болды. 2009/2010 ж. «Сарыарқа» ХК құрамында Қазақстан чемпионатының алтынына, 2010/2011 ж. Қазақстан чемпионатының қола наградасына, 2011/2012 ж. Қазақстан кубогының күміс жүлдегеріне ие болды.