Қарағандылық «Шахтердың» шешуші ойынына кіру тегін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық «Шахтердың» шешуші ойынына кіру тегін болады

Қарағандылық «Шахтердың» шешуші ойынына кіру тегін болады

Футболдан Қазақстан чемпионатының шешуші матчі - «Шахтер» мен «Астана»командаларының Қарағандыда «Шахтер» стадионында өтетін ойынына кіру тегін болады, деп хабарлайды қала әкімдігі.

  • 27 Қазан 2011
  • 481
Фото - Caravan.kz

«Біздің футбол командамызға жанкүйерлер ғана емес, барлық қарағандылықтар қолдау көрсететін сәт жетті. Осы себепті матчқа кіруді тегін қылу туралы шешім қабылданды», — делінген Қарағанды әкімінің баспасөз қызметі бейсенбі күні таратқан ақпаратта.

Қарағандылық «Шахтер» өз тарихында алғаш рет ел чемпионы атануы мүмкін, делінген ақпаратта. «Бәрі 29 қазанда «Шахтер» стадионының алаңында елордалық «Астана» ФК-сымен шешуші матчте белгілі болады. Осы маусымның соңғы ойынында сүйікті командамызға қолдау көрсетейік», — деп үндейді қала билігі.

Еске сала кетейік, алтын медаль үшін күресте «Шахтердың» басты бәсекелесі талдықорғандық «Жетісу». Сенбі күні талдықорғандықтар павлодарлық «Ертіспен» кездеседі. Чемпионаттың жеңімпазы осы ойындардың нәтижесі бойынша анықталады.

«Шахтер»стадионына 19 мың көрермен сияды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера