Қарағандылық шахтерлерге баспана алу үшін 5%-пен ипотека беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық шахтерлерге баспана алу үшін 5%-пен ипотека беріледі

Қарағандылық шахтерлерге баспана алу үшін 5%-пен ипотека беріледі

Әкім облыстағы шахтерлер мен металлургтер кездесу кезінде тұрғын үй мәселесін көтергенін айтты.

  • 24 Қараша 2021
  • 14
Фото - Caravan.kz

Қарағандылық шахтерлер мен металлургтерге баспана алу үшін 5%-пен ипотека беріледі. Бұл туралы брифинг кезінде Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әкім облыстағы шахтерлер мен металлургтер кездесу кезінде тұрғын үй мәселесін көтергенін айтты. Енді олар "Отбасы банк" арқылы 5%-пен жеңілдетілген ипотека ала алады. Қазір облыс әкімдігі қаржыландыру мәселесін пысықтап жатыр және бағдарламаны келесі жылдан бастап іске асыру жоспарланған.

"Әкімдік "Отбасы банкпен" бірлесіп, жаңа ипотекалық бағдарлама – Қарағанды облысының шахтерлері мен металлургтері үшін тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін 5%-пен кредит беру бастамасын көтерді. Қазір банкпен бағдарлама тетіктері пысықталып жатыр, 2022 жылдың бюджетінде облыс әкімдігі тиісті қаражат бөледі", — деді Қасымбек.

Бағдарлама бес жылға созылуы мүмкін. Ипотекалық кредиттеу Саран, Абай, Шахтинск, Теміртау және Қарағанды қалаларындағы жаңа тұрғын үйлерге, сондай-ақ екінші сатылымдағы үйлерді алу үшін де қолданылады.


Соңғы жаңалықтар