Жарияланды: 530

Қарағандылық студенттер Сочидегі олимпиадалық нысан құрылысын салуға аттанды

Қарағандылық суденттердің «Политех» құрылыс жасағы (СҚЖ) Сочидегі олимпиадалық нысан құрылыстарын салуға аттанды, деп агенттік тілшісі хабарлады.

«Біздің жасағамызда 20 жауынгер бар. Олардың барлығы қатаң конкурстық іріктеуден өтті. Сочидегі құрылыс маусымы 30-шы маусымда барлық құрылыс жасақтарының қатысуымен ашылады да, 25-ші тамызға дейін жалғасады», - деп СҚЖ жетекшісі Дәулет Әбсәтов сәрсенбі күнгі жасақтың сапарға аттануына арналған митингіде мәлім етті. Студент құрылыс жасағын сапарға салтанатпен аттандыру рәсімі Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің (ҚарМТУ) алдындағы алаңда өтті. ЖОО мәліметтерінше, «Политех» СҚЖ Сочидегі 2014-ші жылғы қысқы олимпиадалық ойындардың құрылыс нысандарын салуға шақырту алған Қазақстандық екінші құрылыс жасағы. «Былтыр Сочиге Гумилев атындағы ЕҰУ СҚЖ-сы барған. Олимпиадалық нысан құрылысында ТМД студенттерінің жасақтарын тарту туралы шешім 2009-шы жылы Мәскеуде өткен СҚЖ қозғалысының 50 жылдығына арналған слетте қабылданған», - дейді ҚарМТУ мамандары. «Сочидегі олимпиадалық нысан құрылыстарында барлық бұрынғы КСРО республкиаларының студенттері мен РФ ЖОО-ларының студенттері қатысады. Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығында осыншама ауқымды халықаралық жобаға қатысудың үлкен құрметіне ие болып отырмыз», - деді Д. Әбсәтов. Оның айтуынша, «Ресей темір жолы» АҚ студенттердің жол кіресі мен арнайы киімін, еңбек семестірі кезіндегі сонда тұруы мен тамағын көтереді. «Политех» СҚЖ Қазақстандағы жастар қозғалысының лидерлерінің бірі. Оның жасақтары соңғы 10 жылда Қарағанды облысындағы әлеуметтік және өнеркәсіп нысан құрылыстарына белсенді қатысып келеді. ҚарМТУ құрылыс жасағы «Астана-Алматы» тас жолының құрылысына да, «Батыс-Еуропа – Батыс Қытай», Батыс магистралдық электр желілері сынды ірі жобаларға тартылған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін