«12 тамыз күні таеквондодан ҚР ұлттық құрамасының мүшелері Тәжікстаннан оралды. Олар 6-9 тамыз күндері Душанбеде өткен таеквондодан (ITF) әлем чемпионатына қатысты. Байрақты бәсекеге 55 елден 840 спортшы келген. Қазақстан ұлттық құрамасы атынан 32 шебер сынға түсті, оның 12-сі қарағандылық спортшылар болды. Олар 1 алтын, 2 күміс және 4 қола медаль ұтып алды», — делінген хабарламада.
Спорт ардагерлері арасында Радион Ким топ жарды. Командалық сында Илья Дей, Максим Ильясов, Георгий Андросовтар екінші орыннан көрінді. Сондай-ақ, Максим Ильясов 63 келі салмақта күмістен алқа тағынса, Никита Магамадов, Георгий Андросов, Станислав Лим және Радион Шурпитин есімді спортшылар қоржынына қоладан олжа салды.
Ел намысын қорғаған жігіттерді теміржол вокзалынан салтанатты түрде қарсы алды.