43 жастағы еркек «Шығыс» орталық базарында ұсталды. Ол Қарағандыға Ресейден 5-қарашада келген. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, «тәркіленген ақшаның жасанды екені айқын көрініп тұр».
Ұсталған адамның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің «қолдан ақша жасау немесе сату» жөніндегі 206-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.