Қарағандылық «Тұлпар» шағын футбол командасы бюджеттен қаржыландырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандылық «Тұлпар» шағын футбол командасы бюджеттен қаржыландырылады

Қарағандылық «Тұлпар» шағын футбол командасы бюджеттен қаржыландырылады

Қарағанды облысының бюджетінен «Тұлпар» шағын футбол командасын қаржыландыруға қаражат бөлінеді. Бұл туралы аймақ басшысы Серік Ахметов спортшылармен кездесу барысында айтты.

  • 18 Қазан 2011
  • 642
Фото - Caravan.kz

Облыс әкімі Серік Ахметов «Тұлпар» мини-футбол командасының мүшелерімен кездесіп, оларды Қазақстанның футзал бойынша Кубогы мен Суперкубогын ұтып алған жеңістерімен құттықтады.

— Сіздер осы жеңістеріңізбен қарағандылық жанкүйерлерге тамаша сыйлық жасадыңыздар. Сонымен қоса бұл жеңіс ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы және команданың 10 жылдығымен қабаттас келіп отыр, — деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақ басшысы «Тұлпардың» еліміздегі ең мықты командалардың бірі екендігін тілге тиек етті. Оған өткен маусымның көрсеткіштері айқын дәлел бола алады. Онда команда тек кубоктарды жеңіп алып қана қоймай, сонымен бірге республика чемпионатының күміс жүлдегері атанған болатын. Команда құрамы тек қана қарағандылық футбол түлектерінен құралғаны да көңіл сүйсінтеді. Клубтың көптеген ойыншылары футзал бойынша ұлттық құрама сапында өнер көрсетеді.

Кездесу барысында үстіміздегі жылдың 20 қазанында басталатын кезекті ел чемпионатының команда алдына жаңа міндеттер жүктейтіні де сөз болды. Осыған орай облыс басшылығы команданың материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша шаралар қабылдап жатыр. Атап айтқанда, жақын арада жарғылық капиталына жүз пайыз мемлекеттің қатысуымен «Тұлпар мини-футбол клубы» ЖШС құру туралы облыс әкімдігі қаулысына қол қойылады. Бюджеттен клубтың Қазақстан чемпионаты мен кубоктарына қатысуы үшін, білікті спортшылар тәрбиелеу үшін жеткілікті қаржы бөлінеді. Сонымен қатар жаңа оқу жылынан бастап Қарағанды мектептерінде «Мини-футбол — мектептерде» атты пилоттық жоба енгізілмекші. Бұл бұқаралық спорт түрлерін дамытып қоймай, дарынды өрендерден резерв дайындауға да мүмкіндік береді.

Осыдан кейін «Тұлпар» клубының президенті Анатолий Смотрицкий, бас жаттықтырушы Әміржан Мұқанов және команда капитаны Шыңғыс Есенамановтар командадағы өзгерістер мен кезекті чемпионатқа дайындық барысы туралы әңгімелеп берді.

Кездесу соңында Серік Ахметов спортшыларға жарқын жеңіс пен сәттілік тіледі.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера