Қарағандының әскери ұшқыштары боранға қарамай жау нысандарын жойды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағандының әскери ұшқыштары боранға қарамай жау нысандарын жойды

Қарағандының әскери ұшқыштары боранға қарамай жау нысандарын жойды

Қарағандыда жойғыш ұшақтардың оқу-жаттығуы өтті. Тек қана аспанда ұрыс жүргізе алатын «МИГ-31-лер» ұшып-қонумен қатар жер бауырлай самғау әрекетін де пысықтады.

  • 20 Қараша 2015
  • 157
Фото - Caravan.kz

Бұл жолғы жаттығудың ерекшелігі – ауа райының қолайсыздығында. Қарлы бораны күшіне мінген күні ұшу техникасын шыңдау мақсатында бүгін 4 экипаж көкке көтерліген. Ұшқыштар аспандағы жаудың шартты нысанын жою мен жау ұшақтарынан қаша ұрыс салу әдістерін көрсетті. Жоғарғы және орта биіктікте әдіс-айла қолдану анағұрлым жеңіл дейді ұшқыштар. Ал қолайсыз ауа-райында жерден арқан бойы қашықтықта ұшумен қатар тәсілдер қолдану асқан шеберлікті қажет етеді.

Мадияр Арыстанбеков, эскадрилия командирі:

Ең төменгі биіктікте өте тәжірибелі ұшқыш қана ұша алады. Өйткені мұндағы қателік өліммен пара-пар. Сондықтан бүгінгі  жаттығуларда ұшқыштарымыз ауыр сыннан аман-есен өтті деуге болады.

Соңғы жаңалықтар